Бүгін Астана қаласында классикалық шахматтан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Әйелдер арасында 13 тур, 14 қатысушы:
1. Елназ Қалиахмет (Алматы обл.) - 10 ұпай
2. Зарина Нұрғалиева (Атырау обл.) - 9,5 ұпай
3. Меруерт Камалиденова (Астана қ.) - 8,5 ұпай
14 жастағы Елназ Қалиахмет танымал қарсыластары Меруерт Камалиденова, Амина Қайырбекова, Алуа Нұрман, Ксения Балабаеваны артта қалдырып, Қазақстанның ең жас чемпионы атағын иеленді.
Ерлер арасында 13 тур, 14 қатысушы:
1. Қазыбек Нөгербек (Астана қ.) - 9 ұпай
2. Денис Махнев (Павлодар обл.) - 9 ұпай
3. Алдияр Аңсат (ШҚО) – 8 ұпай
Чемпиондықтың тағдыры Қазыбек пен Денистің арасындағы қосымша рапид және блиц партияларында шешіліп, Қазыбек өз мансабында алғаш рет топ жарды. Биылғы чемпионаттың жалпы жүлде қоры 20 миллион теңге.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.