Көркем гимнастикадан Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан әлем кубогында бақ сынаған Қазақстан құрамасы 5 лента жаттығуында 21.850 ұпай жинап, қола жүлде еншіледі, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қытай спортшылары (25.150) жеңімпаз атанса, Израиль командасына 23.000) күміс бұйырды.