10.02.2025 | 17:50
Бөлісу:
КЁРЛИНГТЕН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ ҚЫТАЙҒА ЕСЕ ЖІБЕРДІ
Бүгін кёрлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарында жарыс қожайыны Қытаймен шеберлік байқасып, қарсыласқа жол берді. Есеп: 4-11.
Команда сапында Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова (Регина Эбауер*) өнер көрсетті.
Айта кетейік, әйелдер құрамасы таңертең Қытайдың Тайпейін айқын басымдықпен ұтып, оның алдында Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапонияға есе жіберген. Ал Қытай бүгін Қатар спортшыларының осал тұсын тапқан.
Енді ертең біздің кёрлинг шеберлеріміз Филиппин және Қатар құрамасымен ойнайды. Сосын тағы 2 матч өткізеді. Жартылай финалға шыққан құрамалар осыдан кейін анықталады.
*резервтегі ойыншы.
Фото: Сали Сабиров.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
АСТАНАДА КЁРЛИНГТЕН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ ӨТІП ЖАТЫР
КЕРЛИНГ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ СПАРТАКИАДА ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ