Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

МАҒЖАН ШАМШАДИН ШИРЕК ФИНАЛҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Дзюдодан 60 кг дейінгі салмақтағы Мағжан Шамшадин әлем чемпионатын одан әрі жалғастырады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол 1/8 кезеңде Бельгия спортшысы Иорре Ферстрэтеннен айласын асырды. Енді келесі қарсылас – Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Рюдзю Нагаяма.

Өкінішке қарай, осы салмақта белдескен Шерзод Давлатов бірінші кездесуінде фавориттердің бірі, әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері Ха Рим Лиге (Оңтүстік Корея) жол берді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.