Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

10 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ АЛТЫН: МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУШЫ МИХАИЛ ШАЙДОРОВ ДЕНИС ТЕННІҢ ЖЕТІСТІГІН ҚАЙТАЛАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Мәнерлеп сырғанаудан Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатының ерлер бәсекесі Михаил Шайдоров чемпион атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыз қос сайыста өз мансабындағы рекордтық 285.10 ұпай жинады.

Жалпы кесте:

Михаил Шайдоров - 285.10 ұпай

Ча Жун Хван (Қысқы Азия ойындарының чемпионы) - 265.02ұпай

Джимми Ма - 245.01 ұпай

Айта кетейік, төрт құрлық чемпионаты 1999 жылдан бері өткізіліп келеді. Дәл осыдан 10 жыл бұрын марқұм Денис Тен де Сеул төрінде чемпион атанған.