08.08.2025 | 16:57
Бөлісу:
МӨЛДІР ЖАҢБЫРБАЙ – XII ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
Қытайдың Чэнду (Қытай) қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарда каратэден 1-жарыс күні Қазақстан қоржынына алғашқы күміс медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Кумите бағдарламасында 50 кг дейінгі салмақта әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай 4 жылда бір өтетін айтулы доданың финалына дейін жетті.
Ол финалда Иран спортшысы Сара Бахманиермен күш сынасты. Негізгі уақыт тең (0:0) аяқталды. Хантей нәтижесінде (төрешілердің жасырын дауыс беруі) жеңіс Сара Бахманиерге бұйырды.
Мөлдірдің жарыс жолындағы қарсыластары:
Силия Уикен (Алжир, 21 жасқа дейінгі әлем чемпионы) - 4:0
Йоргелис Салазар (Венесуэла, 2022 жылғы Дүниежүзілік ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының қола жүлдегері) - 3:0
Жунхуй Ванг (Қытай) - 0:1
Енді ертең жарыс жолына Софья Берульцева (+68 келі), Әсел Қанай (61 келі), Нұрқанат Әжіқанов (75 келі) шығады.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ШЫҢҒЫС ТАЙЛИЕВ ЗАЛЬЦБУРГТЕГІ ТУРНИРДЕ ЖҮЛДЕ АЛДЫ
ЕРКІНБЕК БАЙТӨРЕЕВ – ЗАЛЬЦБУРГТЕГІ ТУРНИРДІҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ