08.08.2025 | 13:08
Бөлісу:
ҚАЙСАР АЛПЫСБАЙ МЕН ДИДАР ӘМІРӘЛІ ҮШІН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАР АЯҚТАЛДЫ
Қытайдың Чэнду (Қытай) қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында каратеден бірінші жарыс күні жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ерлер арасында 60 кг салмақта әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қайсар Алпысбай өз тобында 3 қарсыласымен жолы түйісіп, бәсекені аяқтады.
Абдуллах Шабан (Кувейт, 2 дүркін Азия чемпионы, жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері) – 2:9.
Христос Хенос (Грекия, 2023 жылғы әлем чемпионы) – 4:10.
Ши Лейлей (Қытай) – 1:0.
Ал 67 кг салмақта әлем чемпионатының қола жүлдегері Дидар Әмірәлі өз тобында тек 1 жеңіске қол жеткізді.
Винисиус Фигейра (Бразилия, әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері) 1:3
Фахад Атиах Әлказами (Сауд Арабиясы) – 2:0
Саид Убайя (Марокко) – 0:8.

Айта кетейік, топтан тек 1-2-орын алғандар жартылай финалға шығады. Жалпы XII Дүниежүзілік ойындарға каратэден әлем рейтингінің қорытындысы бойынша іріктелген таңдаулы 96 спортшы жиналды. Қазақстан командасының 6 өкілі кумите бағдарламасында лицензия иеленген. Спорттың бұл түрінен ең көп спортшыны жарыс қожайыны Қытай қосты (11 адам). Одан кейін Жапония (9 адам), сосын 6 спортшыдан жіберген Қазақстан, Мысыр, Түркия тұр.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ШЫҢҒЫС ТАЙЛИЕВ ЗАЛЬЦБУРГТЕГІ ТУРНИРДЕ ЖҮЛДЕ АЛДЫ
ЕРКІНБЕК БАЙТӨРЕЕВ – ЗАЛЬЦБУРГТЕГІ ТУРНИРДІҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ