Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

НОДИРА АХМЕДОВА КОРЕЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Муджу қаласында (Оңтүстік Корея) таеквондодан «Grand Prix Challenge G2» халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бірінші жарыс күнінің нәтижесінде Ұлттық құрама спортшысы Нодира Ахмедова (49 кг) үздік үштікке кірді. Ол қола жүлдеге таласта Вьетнам спортшысын сенімді ұтты. Есеп: 2-0. Бұл Нодираның биылғы маусымдағы Grand Prix Challenge сериясында жеңіп алған екінші медалі.

Айта кетейік, 31 тамызға дейін жалғасатын жарысқа 33 елден 332 спортшы қатысып жатыр.