Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

НОРА ДЖЕРУТО ФИНАЛДА ҮЗДІК ОНДЫҚҚА КІРДІ

Ұқсас жаңалықтар

Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Париж Олимпиадасының финалында мәреге 9-шы болып жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысының уақыт көрсеткіші – 9:08.97 секунд.

Бахрейн атынан сынға түсетін Уинфред Яви Олимпиада жеңімпазы атанды. Сондай-ақ ол ойындар рекордын тіркеді. Токио Олимпиадасының чемпионы угандалық Перут Чемутай күміспен күптелді.

Джеруто бірнеше күн бұрын іріктеуде 4-орын алып (9:16.46 секунд) ақтық сынға шыққан.

Айта кетейік, Джеруто осы қашықтықта 2022 жылы Юджинде өткен әлем чемпионатында Қазақстанға жеңіл атлетикадан алғашқы алтынды алып келген.

Фото: Владислав Семенов.