Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

НҰРСҰЛТАН ДҮЙСЕНҚҰЛОВ XII ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Қытайдың Чэнду қаласындағы XII Дүниежүзілік ойындарда джиу-джитсудан кезекті жүлде түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ерлер арасында 77 кг салмақтағы Нұрсұлтан Дүйсенқұлов финалдағы тартысты бәсекеде Дания спортшысы Лукас Андерсенге 11:15 есебімен жол берді.

Отандасымыздың жарыстағы жолы:

Лукас Андерсен - 16:12

Йоро Янник Ефрем Зоузоуа - 15:17

Жартылай финал: Перси Кунса - 27:18

Осыған дейін джиу-джитсудан 69 келіде Жәнібек Әбу-Бәкір чемпион атанса, 62 келідегі Аслан Қанатбек қола жүлде алған.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.