Қырғызстан астанасы Бішкекте ат спортынан әлем кубогының кезеңі (CSI 1*W) өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін отандасымыз Олег Соколенко 2 жүлдеге қол жеткізді. Ол N1 120 см бөренелер қойылған маршрутта Shenanigan атты жылқымен қола медаль иеленді. Ал N2 140 см бөренелер қойылған жолда Cinderella жылқысымен күміс жүлдегер атанды.