Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ПАРИЖ-2024: ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕДАЛЬ САНЫ ЖЕТЕУГЕ ЖЕТТІ

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Париж Олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы 2 күміс медальмен толықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Грек-рим күресінен тәжірибелі отандасымыз Демеу Жадыраев (77 кг) пен боксшы Нұрбек Оралбай (80 кг дейінгі салмақта) 2-орыннан көрінді.

Қазір Қазақстан делегациясы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен жалпы есепте 28-орынға көтерілді.

Ертең Ұлттық құрама спортшылары құзға өрмелеу, көркем гимнастика, еркін күрес, қазіргі бессайыс, каноэ мен байдаркада ескек есуден жүлдеге таласады.

Айта кетейік, Париждегі жазғы Олимпиадада Қазақстан құрамасының 80 атлеті 25 спорт түрінен сынға түседі. XXXIII ойындар 11 тамызда мәресіне жетеді.

Суреттер: Тұрар Қазанғапов, Сали Сабиров, Владислав Семенов.