Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Пенчак-силаттан V Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

Ұқсас жаңалықтар

3-5 наурыз аралығында Алматы қаласында ересектер арасында пенчак-силаттан V Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел чемпионатына әр өңірден айласы мен әдісі бірінен-бірі асқан ең мықты 300-ге жуық спортшы жиналып, күш сынасты.

Бұл спорт түрінің қазақ еліне келгеніне 5 жыл болды. Қазір елімізде 3 мыңнан астам азамат осы спортпен тұрақты шұғылданады.

Бәсекенің салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Пенчак силат қауымдастығының Президенті Гаджи Гаджиев және Қазақстан Республикасындағы Индонезияның Төтенше және Өкілетті елшісі Мохамад Фадзирул Рахман қатысты.

Үздік шыққан спортшылар Ұлттық құрама сапына алынып, тамыз айында Индонезияда өтетін Әлем чкеммпионаты мен қыркүйекте Қытайда өтетін Азия ойындарында ел намысын қорғайды.