Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

«ҚАЙРАТ» ФУТЗАЛ КЛУБЫ ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ

Ұқсас жаңалықтар

Футзалдан Ле-Ман (Франция) қаласында өтіп жатқан Чемпиондар лигасының жартылай финалында алматылық «Қайрат» өз мансабында төртінші мәрте финалға өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Біздің команда жартылай финалда Испания чемпионы әрі фаворит саналған «Картахенадан» басым түсті.

«Қайрат» - «Картахена» 3-2.

Соққылар статистикасы: 34-61. Голдар: Алиссон, 16 минут (1:0), Мелладо, 20 минут (1:1), Алиссон, 37 минут (2:1), Деннис, 40 минут (3:1), Мотта, 40 минут (3:2)

Енді отандастарымыз 4 мамырдағы шешуші ойында «Пальма» (Испания) - «Спортинг» (Испания) жұбының жеңімпазымен жолығады.

Осыған дейін «Қайраттың» финалдағы көрсеткіші:

2013 жыл, «Қайрат» - «Динамо» 4:3

2015 жыл, «Қайрат» - «Барселона» 3:2

2019 жыл, «Қайрат» - «Спортинг» 1:2