22.05.2025 | 15:38

ҚАЗАҚ БОКСШЫ ҚЫЗДАРЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 12 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Бокстан Шри-Ланкада өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында жастар санаты бойынша Жанкелді Ахметов баптайтын Қазақстанның қыздар құрамасы зор жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

10-24 мамыр аралығында Шри-Ланка астанасы Коломбода ұйымдастырылып жатқан сары құрлықтың додасында финалға шыққан ұлттық құрамамыздың 12 өкілі де қарсыластарын жеңіп, топ жарды.

Бұл бәсекеде Азия құрлығынан 21 ел қатысты. Атап айтар болсақ: Қазақстан, Ауғанстан, Аустралия, Бангладеш, Бутан, Камбоджа, Үндістан, Ирак, Қырғызстан, Сауд Арабиясы, Кувейт, Малайзия, Моңғолия, Палестина, Солтүстік Корея, Шри-Ланка, Сирия, Таиланд, Тәжікстан, БАӘ, Вьетнам 12 салмақта жүлдені сарапқа салды.

Бұл Қазақстан әйелдер құрамасының Азия чемпионатындағы ең ірі және толық жеңісі ретінде тарихқа еніп отыр.

Чемпион атанған боксшылар:

48 келі – Айым Танкибаева

50 келі – Сила Биболсынқызы

52 келі – Рахмина Абдумежитова

54 келі – Жанель Имантаева

57 келі – Ақнұр Тұрсынғали

60 келі – Толғанай Қасымхан

63 келі – Алина Құдайгенова

66 келі – Ақбота Есімбекова

70 келі – Мария Сидоренко

75 келі – Зарина Толыбай

81 келі – Құралай Егінбайқызы

+81 келі – Сабина Жақсылық

Енді санаулы сәттен кейін жастар санаты бойынша ұлдар арасында жеңімпаздардың есімі белгілі болады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес