Бүгін Андорраның Канильо қаласында басталған шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатының II дивизионын Қазақстан құрамасы жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
А тобындағы алғашқы матчта мексикалық ойыншылар отандастарымызға төтеп бере алған жоқ. Матч 4-2 есебімен Ұлттық құраманың пайдасына аяқталды.
Біздің хоккейшілерден Пернеш Әшімова, Дария Молдабай, Анастасия Оразбаева мен Мунира Саяхатқызы мергендік танытты.
Ертең Қазақстан Қытайдың Тайбэйімен (Астана уақытымен 16:00) мұзайдынға шығады.