Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ҚАЗАҚСТАН КАРАТЭШІЛЕРІ ТОКИОДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕКІНШІ ОРЫН АЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Жапония астанасы Токио қаласында шинкиокушинкай каратэден ерлер мен әйелдер арасындағы 8-ші әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бұл дүбірлі додада әлемнің 32 елінен жиналған үздік 165 спортшы өзара бақ сынасты. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы екінші орыннан көрінсе, Жапония көш бастады. Ал үздік үштікті литвалықтар түйіндеді.   

Ұлттық құрама нәтижесі мынадай:

Алтын – Антон Зимарев (80 кг)

Қола – Еламан Мұқашев (70 кг)

Қола – Алина Осипенко (+65 кг)