18.05.2025 | 22:08
Бөлісу:
ҚАЗАҚСТАН ХОККЕЙ ҚҰРАМАСЫ АҚШ-ҚА ЕСЕ ЖІБЕРДІ
Шайбалы хоккейден Данияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Ұлттық құрама алтыншы ойында әлем чемпионы АҚШ-пен кездесті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан қақпасын әлем чемпионатындағы үшінші қақпашымыз Сергей Кудрявцев қорғады.
Алғашқы кезеңде Қазақстан қарсыластың әр қадамын бағып, үлгеруге тырысты. Тіпті соққы алмасуда да еш қалыспады. АҚШ соңғы минуттарда ойын жылдамдығын арттыра бастады. Бірақ тараптар тең есеппен тарқасты.
Екінші кезеңде АҚШ бірден басымдықты қолдарына алды. Тіпті отандастарымызға жарты алаңнан шығу қиын соқты. Нәтиже ұзақ күттірмеді. 5 бірдей шайба салған қарсыластар кездесу тағдырын шешіп тастады.

Үшінші кезеңде Роман Старченко қақпашымен жеке дара шыққан. Алайда мүмкіндікті голға айналдыра алмады. Ал соңғы минутта Владимир Волков есепті бір шайбаға қысқартты.
Қазақстан – АҚШ 1:6 (0:0, 0:5, 1:1)
Соққылар статистикасы: 17:38
0:1 – 26:58 – Фрэнк Назар (ЛаКомб, Ейсимонт)
0:2 – 31:46 – Джексон ЛаКомб (Назар, Маккаррон)
0:3 – 34:00 – Тейдж Томпсон (Буюм, Пинто)
0:4 – 34:58 – Мэттью Бениерс (Дилан)
0:5 – 39:04 – Майкл Кеселринг (Назар, Ейсимонт)
0:6 – 45:54 – Зак Веренски (Кеселринг, Келлер)
1:6 – 59:10 – Владимир Волков
Қақпашылар: Кудрявцев – Свеймен.
Енді Қазақстан топтағы шешуші ойында 20 мамырда әлем чемпионатының күміс жүлдегері - Швейцариямен жолығады.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ӘРТІСТІК ЖҮЗУДЕН ЭДУАРД КИМ 9-ОРЫНҒА ТАБАН ТІРЕДІ
ӘРТІСТІК ЖҮЗУ: СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ КОМАНДАЛЫҚ САЙЫСТА ФИНАЛҒА ӨТТІ
6 ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛ: ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ТӨРТІНШІ ЖАРЫС КҮНІ ҚАЛАЙ ӨТТІ?