Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ҚАЗАҚСТАН КОМАНДАСЫ БРАЗИЛИЯҒА ЛАЙЫҚТЫ ҚАРСЫЛЫҚ КӨРСЕТТІ

Ұқсас жаңалықтар

Париж Олимпиадасында дзюдодан аралас командалық сайыста еліміздің командасы Бразилияға жол берді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Есеп: 2-4. Осылайша, қарсылас ширек финалға жолдама алды.

Татамиде ел намысын Абиба Абужақынова (жеңілді), Данияр Шамшаев (жеңді), Эсмигүл Куюлова (жеңілді), Абылайхан Жұбаназар (жеңді), Камила Берліқаш (жеңілді), Нұрлыхан Шархан (жеңілді).

Қарсыластың құрамы:

Рафаэла Силва, Карнин Даниел, Кейрин Квадрус, Беатрис Соуза, Леонардо Гонсалвес.

Айта кетейік, Қазақстан командасы әлем рейтингінде 12-ші, Бразилия 5-орында тұр.

Осымен Парижде біз үшін дзюдодан бәсеке аяқталды. Бұл біздің татами шеберлері үшін ең табысты Олимпиада болды. Елдос Сметов (60 кг) алғаш рет елімізге алтынды алып келді. Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) алғашқы Олимпиадасында үздік үштікті түйіндеді. Команда көшбасшысының бірі Абиба Абужақынова (48 кг) қола жүлдеге таласта қарсыласына есе жіберді. 

Сурет: Владислав Семенов.