Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында жеңіліссіз келе жатыр

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан құрамасы Андорраның Канильо қаласында басталған шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатының II дивизионында тағы жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

А тобының 2-турында біздің команда Қытайдың Тайбэйіне жауапсыз 3 шайба соқты. Қарсылас қақпасын дәл көздегендер: Александра Шегай, Юлия Буторина, Анастасия Оразбаева.

Енді Қазақстан 10 сәуірде Исландиямен (Астана уақытымен 16:00) шеберлік байқасады. Жарысқа 6 құрама (Испания, Мексика, Тайпей, Исландия, Бельгия, Қазақстан) қатысып жатыр.