Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІНЕ ТАЛАСАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Семсерлесуден Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан әлем чемпионатында сапы бағдарламасы бойынша жігіттеріміз жартылай финалда сүрінді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Кирилл Проходов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Эльмир Әлімжановтан жасақталған Қазақстан құрамасы жартылай финалда бітіспес қарсыласы, Токио Олимпиадасының чемпионы, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапонияға жол берді.

Шиеленісті өткен сайыста отандастарымыз атақты қарсыластарына 41:42 есебімен есе жіберді.

Енді санаулы сәттен кейін Қазақстан құрамасы үшінші орын үшін Мажарстан немесе Франция елімен сынға түседі.