Тбилисиде (Грузия) семсерлесуден өтіп жатқан әлем чемпионатында сапы сайысы бойынша ерлер арасындағы командалық бәсекелер басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
1/16 айналымда Қазақстан құрамасы (Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Эльмир Алимжанов және Кирилл Проходов) ресейлік бейтарап мемлекет спортшыларын жеңді.
Ерлер арасында сапы жаттығуынан командалық сайыс, 1/16 финал
Қазақстан — AIN 45:35
Ертең 1/8 финалда Қазақстан құрамасы Қытаймен кездеседі.