Су добынан еліміздің ерлер құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Сингапурдан басым түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Топтық кезеңдегі бұл ойын 22-4 есебімен қазіргі чемпионның пайдасына аяқталды. Енді Қазақстан қатар өтіп жатқан матчтардың нәтижесінен кейін ширек финалдағы қарсыласын біледі.
Кеше қазақ ватерполшылары Жапонияға есе жіберіп, оның алдында Гонконгтан басым түскен (25-4).
Жалпы Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындары тарихында 1994 жылдан бері 6 мәрте чемпион атанып (1994, 1998, 2002, 2010, 2014, 2018), тек бір рет үздік үштікті түйіндеген (2006 жылы).