Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Рахат Бралин Таллиндегі халықаралық жарыстың күміс жүлдегері атанды

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін мәнерлеп сырғанаудан Ұлттық құрама спортшысы Рахат Бралин Эстонияның Таллин қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы Tallinn Trophy халықаралық турнирінде күміс жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол кеше қысқа бағдарламада 65.18 балл жинап, үшінші сатыға тұрақтаған. Бүгін еркін бағдарламадағы Рахаттың өнеріне төрешілер 128.90 ұпай берді.

Осылайша, қазақстандық жалпы есепте 194.08 ұпай жинап, Лев Винокурден (Израиль) кейін екінші орынға тұрақтады. Қола медаль украиналық Кирило Марсакқа бұйырды (193.23 ұпай).

Айта кетейік, 20 жылдан астам тарихы бар дүбірлі додаға биыл 19 мемлекеттен 63 спортшы жиналды.