15-17 қараша аралығында Жапонияның Хатинохе қаласында конькимен жүгіруден халықаралық төрт құрлықтық турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан құрамасы қазірден дайындығын бастап кетті. Жарысқа Канада, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия, Тайвань, АҚШ және Аргентина елдерінің командалары қатысады.
Байрақты бәсекеден кейін бірден, 18 қарашада Нагано қаласында (Жапония) Әлем Кубогының бірінші кезеңі басталады. Аталмыш додада қазақстандық спортшылар да өнер көрсетеді.