Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Алғашқы жарыс күні 11 жүлде бұйырды

Ұқсас жаңалықтар

Су спорты түрлерінен Нью-Кларк-Сити (Филиппин) қаласында XI Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Сары құрлықтың бәсекесінде 3 жас ерекшелігі бойынша жүлделер сарапқа салынады: А тобы (18 жастан және жоғары), В тобы (15-17 жас), С тобы (14 жас және кіші).

Бүгін бірінші жарыс күнінде жүзу және суға секіру сайыстары бойынша жеңімпаздар анықталды.

Қазақстан спортшыларының нәтижесі:

Жүзу, А тобы:

Аделаида Пчелинцева, 100 метрге брасс әдісімен жүзу — алтын

Ксения Игнатова,  50 метрге шалқалай жүзу - алтын

Диана Тасжанова, 200 метрге еркін әдіспен жүзу - күміс, 800 метрге еркін жүзу — қола

Әйелдер құрамасы (Аделаида Пчелинцева, Диана Тасжанова, Ксения Игнатова, Софья Сподаренко), эстафета 4х100 метрге еркін әдіспен жүзу — күміс.

Жүзу, В тобы:

Егор Попов, 50 метрге шалқалай жүзу — алтын

Арсен Қожахметов, 100 м брасс - күміс

София Абубакирова,  200 м кешенді жүзу - күміс, 50 м шалқалай жүзу - қола

Ерлер құрамасы (Егор Попов, Егор Василенко, Алексей Крученко, Данил Черепанов),  эстафета 4х100 метрге еркін әдіспен жүзу — күміс

Суға секіру, А тобы:

Диана Жұмағұлова/Анабелла Кочкина, 3 метрлік тұғырдан синхронды секіру — күміс

Жүзу жарысы 29 ақпанда, суға секіру сайысы 1 наурыз күні аяқталады. 2-6 наурыз аралығында көркем жүзу, 3-9 наурыз аралығында су добынан жүлделер сарапқа салынады.