Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

СЕМСЕРЛЕСУДЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Ұқсас жаңалықтар

Индонезияның Бали қаласында өтіп жатқан семсерлесуден сары құрлық бәсекесінде Қазақстан ерлер командасы 2-орын алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ақтық сында Қазақстан мен әлемдегі көшбасшының бірі, Олимпиада чемпионы Жапония құрамасы сынға түсіп, 24-45 есебімен қарсылас жеңіске жетті.

Біздің команда (сапы): Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Кирилл Проходов;

Айта кетейік, жарыс барысында Қазақстан құрамасы 1/16 кезеңде Түркменстаннан, кейін Сингапурды, жартылай финалда Қытайдан басым түсті. Осыған дейін чемпионатта Вадим Шарлаимов жекелей сында қола жүлдегер атанған.

Фото: Халықаралық семсерлесу федерациясы.