Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ШАХМАТ ОЛИМПИАДАСЫ: ҚАЗАҚСТАН КОМАНДАСЫ ҮЗДІК ҮШТІКТЕ

Ұқсас жаңалықтар

Мажарстан астанасы Будапеште шахматтан 45-ші Олимпиада жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Алтыншы турда еліміздің ерлер және әйелдер командасы Әзірбайжан құрамасымен кездесті. Әйелдер арасында мықты ұжымның бірі саналатын Әзірбайжанды (2398, № 6) 3:1 есебімен жеңді. Меруерт Камалиденова мен Алуа Нұрман қарсыласынан басым түссе, Бибісара Асаубаева мен Ксения Балабаева тең тарқасты. Өкінішке қарай, ерлер дәл осындай есеппен Әзірбайжанға жол берді.

Әйелдер сайысындағы онлайн кесте (169 ел):

1. Үндістан – 14 ұпай

2️. Польша – 12 ұпай

3️. Қазақстан – 12 ұпай

4️. Франция – 12 ұпай

5️. АҚШ – 11 ұпай

Сегізінші турда біздің құрама Франциямен өзара мықтыны анықтайды.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.