Шайбалы хоккейден Братислава (Словакия) қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиадаға іріктеуде Қазақстан командасы екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан – Аустрия (2:1)
Шайбалар: Дмитрий Бреус, 1 минут (1:0), Рафаэль Хербургер, 42 минут (1:1), Тамерлан Гайтамиров, 52 минут (2:1)
Қазақстан құрамасы 2013 жылдан бері Аустриямен өткізген барлық 6 кездесуде басым түсті.
Енді отандастарымыз жолдаманы жеңіп алу үшін 1 қыркүйекте алаң қожайыны Словакиямен күш сынасады.
Айта кетейік, 2026 жылы 6-22 ақпан аралығында Милан және Кортина-д’Ампеццо қаласы XXV қысқы Олимпиаданы қабылдайды.