Бүгін IX қысқы Азия ойындарында ски-альпинизмнен Ұлттық құрама спортшылары – Әсем Назырова, Нияз Жанзақов, Денис Власов жартылай финалда сынға түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Өкінішке қарай, ешқайсы финалға шыға алмады. Нәтижесі мынадай:
Ерлер, спринт:
Нияз Жанзақов – 9-орын
Денис Власов – 10-орын
Шыңғыс Байқашев – 19-орын
Тимур Артюхин – 21-орын
Әйелдер, спринт:
Әсем Назырова – 8-орын
Айта кетейік, ски-альпинизм Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет қосылып отыр. Спорттың бұл түрі 2026 жылы Италияда өтетін Олимпиада бағдарламасында да бар.
Фото: Нұрғали Жұмағазы.