Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Стенд атудан Ұлттық құрама Париж Олимпиадасының лицензиясы үшін таласады

Ұқсас жаңалықтар

12-22 қаңтар аралығында Кувейт астанасында стенд атудан Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Сары құрлық бәсекесінде келе жатқан Париж Олимпиадасының 8 лицензиясы сарапқа салынады. Яғни, әр жаттығу түрінде екі жолдамадан. Назарыңызға сынға түсетін Қазақстан құрамасын ұсынамыз:

Скит бағдарламасы: Әсем Орынбай, Ольга Панарина, Зоя Кравченко, Эдуард Ещенко, Александр Ещенко, Александр Мухамедалиев, Илья Пенков, Максим Почивалов, Ратмир Еникеев;

Трап бағдарламасы: Айжан Досмағамбетова, Мария Дмитриенко, Анастасия Прилепина, Максим Бедарев, Әлішер Айсалбаев, Виктор Хасянов, Богдан Конченко, Никита Моисеев, Никита Чикулаев.

Бас бапкер – Сергей Колос.

Жалпы чемпионатқа 40 мемлекеттен 500-ден астам мерген қатысады. Жарысты Халықаралық нысана көздеу федерациясы тікелей эфирде көрсетеді.