Бүгін Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында су добынан ерлер арасындағы бәсеке басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан құрамасы В тобындағы алғашқы ойында Гонконгтан басым түсті (25-4).
Енді ертең алдыңғы Азиаданың күміс жүлдегері Жапониямен күш сынасады. Олар бүгін сингапурлық ватерполшыларды 28-5 есебімен жеңді.