04.05.2023 | 22:04
Бөлісу:
Су добынан Қазақстан құрамасы Израильден жеңіліп қалды
Бүгін су добынан еліміздің әйелдер құрамасы Берлинде өтіп жатқан Әлем Кубогының 2-дивизионда Израильге есе жіберді. Есеп: 19-8. Өкінішке қарай, Әсел Жақаева баптайтын ватерполшылар 23-25 маусым аралығында АҚШ-тың Лонг-Бич қаласында (Калифорния штаты) өтетін Әлем Кубогының Суперфиналына жолдама ала алмады.
Қазақстан В тобына түсіп, алғашқы жарыс күні Германия мен Ұлыбритания құрамасын жеңген. Сосын, соңғы мачта Жаңа Зеландияға жол берсе де, плей-офф кезеңіне шықты. Берлиндегі турнир қорытындысы бойынша Лонг-Бичке финалдағы ойынға қарамастан Жаңа Зеландия мен Израиль барады. Алдыңғысы А тобында 2-сатыға ие болған Оңтүстік Африканы 16-3 есебімен ұтты.
Айта кетейік, қазіргі іріктеу жүйесі биылдан бастап қолданылады. Осыған дейін А және В тобында 1-орын алған елдер бірден ақтық кезеңге жолдама алып келген.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ВАТЕРПОЛДАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ҚЫТАЙҒА ЕСЕ ЖІБЕРДІ
Су добынан Ұлттық құрама қола медаль жеңіп алды
Қазақстан жастар құрамасы Сингапурды ірі есеппен жеңді
Қыздар құрамасы алғашқы матчта сенімді жеңіске жетті
Ұлттық құрама Шри-Ланкадан ірі есеппен басым түсті