Бүгін Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында басталған таеквондодан командалық әлем кубогында Қазақстан ерлер құрамасы 3-орын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жүлде үшін айқаста отандастарымыз Марокко спортшыларынан басым түсті (2-1). Команда сапында Бекасыл Ергеш, Абдрахман Марипов, Мерген Ғаниев, Нұрбек Ғазез сынға түсті.
Айта кетейік, іріктеуде Қазақстан Үндістанды ұтқан. Ал жартылай финалда Оңтүстік Кореяға есе жіберді (1-2). Осылайша, ерлер командасы жылдың аяғында өтетін әлем кубогына жолдама алды.
Енді ертең әйелдер арасындағы командалық сайыс өтеді. Біздің спортшылардың алғашқы қарсыласы – қытайлық таеквондошылар.
Фото: Халықаралық таеквондо федерациясы.