Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

TALLINN TROPHY: СОФЬЯ САМОДЕЛКИНА ЕКІНШІ ОРЫН АЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Таллин қаласында (Эстония) мәнерлеп сырғанаудан Challenger Series санатына кіретін Tallinn Trophy 2024 халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы Софья Самоделкина қос бағдарлама қорытындысы бойынша 173.25 ұпай жинап, күміс жүлдегер атанды. Жеңімпаз Бельгия өкілі Нина Пинзаррон (192.48 ұпай) атанса, үшінші орын канадалық Сара-Мод Дюпуа (163.58) бұйырды.

Барлығы бұл турнирге 25 елден 193 атлет бақ сынап жатыр. 

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.