23.05.2025 | 18:54
Бөлісу:
U22 АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: БОКСТАН ЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫ 10 АЛТЫН АЛДЫ
Бокстан 10-24 мамыр аралығында Коломбода (Шри-Ланка) өткен U22 Азия чемпионаты ресми түрде аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жарыстың соңғы күнінде ерлер бәсекесі бойынша 13 салмақта жеңімпаздар анықталды. Қазақстан құрамасынан тек 54 келідегі Кенже Мұратұлы ғана бірінші жекпе-жекте есе жіберсе, қалған 12 салмақтағы жерлестеріміз чемпиондық атаққа таласуға мүмкіндік алды. Нәтижесінде Бақыт Сәрсекбаев баптайтын ерлер құрамасы 10 алтын, 2 күміс жүлдемен айқын басымдық танытты.
Азия чемпионатының жүлдегерлері:
1-орын. Тілеуберді Сүлеймен (48 келі)
1-орын. Диас Берікбай (51 келі)
1-орын. Жасурбек Анорбаев (57 келі)
1-орын. Нұрислам Қалдыбаев (60 келі)
1-орын. Бақтияр Анарбаев (67 келі)
1-орын. Ағажан Қадыр (71 келі)
1-орын. Аман Қонысбеков (75 келі)
1-орын. Бақберген Әлиасқаров (80 келі)
1-орын. Ибрагим Бетаев (86 келі)
1-орын. Азатбек Жолдасхан (92 келі)
2-орын. Сералы Жолмағанбет (63,5 келі)
2-орын. Ерсұлтан Сапар (+92 келі)

Ерлер бәсекесінде жоғары нәтиже көрсеткен ТОП-3 мемлекет:
Қазақстан – 10 алтын, 2 күміс,
Қырғызстан – 2 алтын, 4 күміс, 3 қола
Тәжікстан – 1 алтын, 2 күміс, 3 қола
Қазақстанның ерлер құрамасы өз тарихында үшінші мәрте 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында жүлдеге таласты. Бірінші мәрте 2023 жылы Таиланд Корольдігінде жерлестеріміз 3 алтын, 3 күміс, 5 қола алса, 2024 жылы Астана төрінде 13 боксшымыз да финалға шыққанымен, 8 алтын, 5 күміс медальмен жарысты аяқтаған. Екі аптаға жалғасқан сары құрлықтың додасында 19 елден 74 боксшы сынға түсіп, тек Қазақстан құрамасы ғана толық құрамда өнер көрсетті.

Жарыс жеңімпаздары Халықаралық бокс федерациясы тарапынан (1-орын — 1000$, 2-орын — 500$, 3-орын — 250$) ақшалай сыйақымен марапатталды.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ӘРТІСТІК ЖҮЗУДЕН ЭДУАРД КИМ 9-ОРЫНҒА ТАБАН ТІРЕДІ
ӘРТІСТІК ЖҮЗУ: СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ КОМАНДАЛЫҚ САЙЫСТА ФИНАЛҒА ӨТТІ
6 ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛ: ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ТӨРТІНШІ ЖАРЫС КҮНІ ҚАЛАЙ ӨТТІ?