Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

U23 АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН 4 ПАЛУАНЫМЫЗ ФИНАЛДА

Ұқсас жаңалықтар

Вьетнамның Вунгтау қаласында U17-23 жас санатында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Алғашқы жарыс күні бозкілемге шыққан грек-рим күресі өкілдері арасында (U23) Ұлттық құраманың 4 өкілі ақтық сынға жолдама алды. Олар:

Исхар Құрбаев (-60 кг) қарсыласы Мехродж Бахрамов (Өзбекстан)

Бағдат Сабаз (-67 кг) – Огабек Мукимов (Өзбекстан)

Ақжан Ықыласов (-77 кг) – Ю Джи Син (Қытай)

Джохар Узаров (130 кг) – Венхао Жиан (Қытай)

Финалдар бүгін Астана уақытымен 16:00-де басталады. Чемпионатты UWW+ ақылы платформасынан тікелей эфирде көруге болады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.