18.06.2025 | 20:27
Бөлісу:
U23 АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: ҚАЗАҚСТАН 1-КҮНІ 3 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
Вьетнамның Вунгтау қаласында U17-23 жас санатындағы күрес түрлерінен Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін грек-рим күресінен 7 салмақта үздіктер белгілі болды. Соның ішінде 23 жасқа дейінгі Ұлттық құрама 3 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлдеге қол жеткізді.
Чемпиондар:
Исхар Құрбаев (-60 кг)
Бағдат Сабаз (-67 кг)
Ақжан Ықыласов (-77 кг)
Күміс жүлдегер:
Юсуф Мациев (-97 кг)
Джохар Узаров (130 кг)
Қола жүлдегер:
Диас Қалтай (-82 кг)
Ертең қалған салмақтағы палуандар бозкілемге шығады. Бұл қатардағы отандастарымыз:
55 кг – Ерасыл Мамырбеков;
63 кг – Оңдасын Хамитов;
72 кг – Серғазы Әбдіхадыр;
87 кг – Мақсат Сайлау;
Чемпионатты UWW+ ақылы платформасынан тікелей эфирде көруге болады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: