Бүгін Ақмола облысындағы Balqaragay демалыс орынында Uly Dala Jarysy атты республикалық кедергілерден өту жарысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Дәстүрлі бәсекеге 200-ден астам үміткер ниет білдіріп, 14 кедергіден тұратын 5 шақырым қашықтықты еңсерді.
Іс-шараның ашылуы кезінде ТСМ Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары Есет Байтасов сөз сөйлеп, барша жиналған жандарды спорт күнімен құттықтады. Жүлдегерлер тізімі мынадай:
Әйелдер:
1.Анара Бухарова
2.Альбина Қанапина
3.Оксана Логинова
Ерлер:
1.Кириль Тжленко
2.Мұрат Абылай
3.Болатбек Мұтан
Жарыс жеңімпаздарынан бөлек, қатысушылар «Ең жылдам», «Жеңіске деген құлшыныс» және т.б номинацияда марапатталды.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.