Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Шаңғымен тұғырдан секіруден командалық сайыс өтті

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін «Альпенсия» кешенінде шаңғымен тұғырдан секіруден бәсеке аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында ел тарихына алғашқы алтынды сыйлаған отандастарымыз шешуші сайыс күні аралас командалық эстафетада өнер көрсетті. Илья Мизерных, Илья Шильников, Софья Шишкина мен Алена Свириденко квартеті 491,3 ұпай жинап, жалпы есепте 13-сатыға тұрақтады.

Бұл сында Словения спортылары 893,7 ұпаймен алтын медаль жеңіп алса, Норвегия (818,3 ұпай) күміс, Аустрия құрамасы (775 ұпай) қола жүлдеге қол жеткізді.

Шаңғымен тұғырдан секіруден 2 күнге жалғасқан бәсекеде 3 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Оның екеуін Словения, біреуін Қазақстан иеленді.

Суреттердің авторы - Шамкен Байырбек.