11.08.2025 | 21:06
Бөлісу:
ЗАГРЕБ-2025: ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАТЫН ЕРКІН КҮРЕС ПАЛУАНДАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
13-21 қыркүйек аралығында Хорватия астанасы Загребте күрес түрлерінен ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Биылғы бозкілем бәсекесіне еркін күрестен Ұлттық құрама сапында мына спортшылар барады. Мадияр Құрамысов бастаған бапкерлер қосыны бекіткен тізім:
Әділет Әлмұхамедов (57 кг)
Асылжан Есенгелді (61 кг)
Начын Куулар (65 кг)
Нұрқожа Қайпанов (70 кг)
Әлібек Әбілқасым (74 кг)
Болат Сақаев (79 кг)
Азамат Дәулетбеков (86 кг)
Камил Куруглиев (92 кг)
Ризабек Айтмұхан (97 кг)
Әлішер Ерғали (125 кг)
Қазір еркін күрес шеберлері Грузияда алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Дайындықтың екінші кезеңі елімізде өтеді. Әйелдер және грек-рим күресінен спортшылар тізімі алдағы уақытта толық белгілі болады.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
КАМИЛЬ КУРУГЛИЕВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА МЕДАЛІ ҮШІН КҮРЕСЕДІ
НҰРҚОЖА ҚАЙПАНОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІ ҮШІН КҮРЕСЕДІ