Су спорты түрлерінен Сингапурда әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
100 метрге брасс әдісімен жүзу сайысында жерлесіміз 1:13.46 нәтижесін көрсетті. Бұл көрсеткіш жүлдеге одан әрі таласуға жеткіліксіз болды.