Су спорты түрлерінен Сингапурда әлем чемпионатының кезекті жарыс күні басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
50 метрге брасс әдісімен жүзу сайысында жерлесіміз 27.97 нәтижесін көрсетті.
Айта кетейік, 19 жастағы спортшының бұл бәсекедегі екінші сайысы. Бұған дейін ол брасс әдісімен жүзу бойынша 100 метрде де жүлдеге таласқан еді.