02.03.2025 | 02:16
Бөлісу:
ЖӘМИЛӘ БАҚБЕРГЕНОВА АЛБАНИЯДАҒЫ РЕЙТИНГТІК ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Әйелдер күресінен Ұлттық құрама көшбасшысы Жәмилә Бақбергенова Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан Muhamet Malo рейтингтік турнирінде топ жарды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ол 72 кг дейінгі салмақта 3 белдесу өткізді. Әуелі украиналық Алла Белинскаяны ұтып, кейін америкалық Александрия Глаудқа есе жіберді. Шешуші айқаста Аргентина спортшысын жығып, бас жүлдеге қол жеткізді.
Ал Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова қола медаль жеңіп алды. Ол аса ауыр салмақта (76 кг) Бейтарап атлет Валерия Трифонованы, ширек финалда Александра Ангелді (Румыния) ұтты. Жартылай финалда америкалық палуаннан айласын асыра алмады. Жүлде жолында қытайлық қарсыласын таза жықты.
Енді рейтингтік жарысты грек-рим күресінің шеберлері аяқтайды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: 4 ПАЛУАНЫМЫЗ ҚАРСЫЛАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІН КҮТЕДІ
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: 4 ПАЛУАНЫМЫЗ ҚАРСЫЛАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІН КҮТЕДІ