Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ЖӘМИЛӘ БАҚБЕРГЕНОВА МЕН ЭЛЬМИРА СЫЗДЫҚОВА МИНСКТЕГІ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Беларусь астанасы Минскте халықаралық Гран-при турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама палуаны Жәмилә Бақбергенова мен Эльмира Сыздықова өз салмағында үздік атанды. Ал Ирина Кузнецова финалда қарсыласына есе жіберді.

Сондай-ақ Зейнеп Баянова, Зульфия Яхьярова, Тыныс Дүбек пен Елена Шалыгина қола жүлдеге ие болды. 

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.