Таиландта астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Ұлттық құраманың тағы 3 спортшысы қарсыласынан басым түсіп, жарыс жолында қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ермахан Әнуарбеков (-90 кг) Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Эрлан Шеровты жығып, фавориттің бірін орта жолда қалдырды.
Ал Ақерке Рамазанова (+78 кг) Тайпей спортшысы Лин Фан Чангтан, осы салмақтағы Назгүл Маратова жарыс қожайынынан басым түсті.
Өкінішке қарай Ерасыл Қажыбаев (+100 кг) 3-айналымда қырғыз палуаны Эмирахан Жолдошказиевке есе жіберді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.