Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ХОККЕЙДЕН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ ЖАПОНИЯДАН ҰТЫЛЫП ҚАЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін шайбалы хоккейден еліміздің әйелдер командасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Жапонияға жол берді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Есеп: 0-4.

Матчтағы алғашқы шайбаны Жапония құрамасы салып, екінші кезеңде басымдығын арттыра түсті (0-2). Ал шешуші кезеңде қарсыластың шабуылға шыққанын пайдаланып, жапон хоккейшілері тағы 2 рет мергендік танытты.

Енді А тобында ертең (сағат 11:00) Қазақстан мен жарыс қожайыны Қытай құрамасы кім мықтыны анықтайды. Ал 14 ақпанда (сағат 7:00) біздің спортшыларға Оңтүстік Корея ойыншылары қарсылас болады.

Фото: Сали Сабиров.