13.01.2025 | 11:36
Бөлісу:
ЖОЛАМАН БИҒАБЫЛ МЕН ЕРКІНБЕК БАЙТУРЕЕВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
10-12 қаңтар аралығында Грузия астанасы Тбилисиде WKF каратэден Karate1 Series A турнирі өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңа маусымдағы алғашқы жарыста Ұлттық құрама спортшылары екі жүлдеге қол жеткізді. Атап айтар болсақ, 60 кг дейінгі салмақта Жоламан Биғабыл финалда қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды. Мұнда Иран өкілі Мортеза Каримикелайемен жекпе-жек 1-1 есебімен аяқталған. Соңғы ұпайды Мортеза алғандықтан, бас жүлде соған бұйырды. Ал Еркінбек Байтуреев 67 кг дейінгі салмақта үздік үштікті түйіндеді.
Бұл турнирге барлығы 87 елден 1000-нан астам татами шебері жиналды. Келесі жарыс Ларнака (Кипр), Зальцбург (Аустрия) және Куала-Лумпурда (Малайзия) өтеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ШЫҢҒЫС ТАЙЛИЕВ ЗАЛЬЦБУРГТЕГІ ТУРНИРДЕ ЖҮЛДЕ АЛДЫ
ЕРКІНБЕК БАЙТӨРЕЕВ – ЗАЛЬЦБУРГТЕГІ ТУРНИРДІҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ