Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Ұлттық құрама Әлем Кубогын үздік үштікте аяқтады

Ұқсас жаңалықтар

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Тбилисиде (Грузия) өткен Әлем Кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жүлде жолындағы кездесуде Қазақстан әлем чемпионы, азулы Италияны 45:35 есебімен ұтты. Бұл Әлем Кубогындағы екінші жүлде. Былтыр Ыстанбұлдағы алғашқы Әлем Кубогында Ұлттық құрама чемпион атанған.

Тбилисиде команда Швеция (45:32), Германия (45:36), Жапониядан (45:30) басым түсті. Алайда жартылай финалда Чехияға (36:45) жол берді.

Париж Олимпиадасының ұпайы үлестірілген Әлем Кубогы кезеңдеріндегі Қазақстанның көрсеткіші:

2024 жыл. Тбилиси. 3-орын

2024 жыл. Хайденхайм. 5-орын.

2023 жыл. Ванкувер. 6-орын.

2023 жыл. Берн. 8-орын.

2023 жыл. Ыстанбұл, 1-орын.

Суреттер - Нұрғали Жұмағазы