Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Ұлттық құрама Бразилиядан жеңіліп қалды

Ұқсас жаңалықтар

Қазір Дания, Норвегия мен Швецияда қол добынан әйелдер арасындағы 26-шы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама G тобында екінші ойында Бразилиядан жеңіліп қалды. Есеп: 15-46. Енді қазақ гандболшылары Украинамен (3 желтоқсан) күш сынасады. Жалпы Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатының финалды кезеңінде 7-мәрте өнер көрсетіп жатыр.

Биылғы әйелдер арасындағы дүниежүзі додасын алғаш рет 3 мемлекет қабылдады. Чемпионат 17 желтоқсанда мәресіне жетеді.